Енелер келіндерден қорғану үшін ұйым құрды

None
АСТАНА. Қыркүйектің  7-сі. ҚазАқпарат -  Үндістанда  келіндердің   кесіріне    және   қоғамда қалыптасып қалған таптаурын   пікірге  қарсы күресу  үшін    Енелердің құқықтарын   қорғаудың  бүкілүнділік форумы  құрылды, 

деп     хабарлайды  ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

«Үндістанда енелер  барлық   зұлымдықтың  көзі,   қыз-келіншектердің көз жасының   себебі  ретінде  қабылданады.   Ал іс жүзінде  енелер      келіндерінен зәбір көріп  жатады»,  - деп    мәлім етті    жаңа ұйымның  үйлестірушісі Нина Дхулия  ханым.