Енелер келіндерден қорғану үшін ұйым құрды

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Үндістанда келіндердің кесіріне және қоғамда қалыптасып қалған таптаурын пікірге қарсы күресу үшін Енелердің құқықтарын қорғаудың бүкілүнділік форумы құрылды,

деп     хабарлайды  ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

«Үндістанда енелер  барлық   зұлымдықтың  көзі,   қыз-келіншектердің көз жасының   себебі  ретінде  қабылданады.   Ал іс жүзінде  енелер      келіндерінен зәбір көріп  жатады»,  - деп    мәлім етті    жаңа ұйымның  үйлестірушісі Нина Дхулия  ханым.