10:38, 28 Қыркүйек 2024
Енем де ат құлағында ойнайтын шабандоз болған, сондықтан қолдап отырады — блогер Асыл Ахметова
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Ауылдағы өмірді бүкпесіз жариялап, әлеуметтік желіде жылқышы қыз ретінде танылған Асыл Ахметова қазір Солтүстік Қазақстан облысы Лобаново елді мекенінде ұстаз болып еңбек етеді. Өмірге құштар бойжеткен биыл тұрмыс құрды. Енді жолдасымен бірге ауыл балаларына ұлттық ойындарды — садақ атуды, соның ішінде жамбы атуды үйретіп жатыр. Әлеуметтік желіде де белсенді, ұлттық болмысымызды насихаттап келеді.