Ол бұл пікірін бүгін Астанада ашылған Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы Бас Ассамблеясының 5-ші жиынында білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер шары елінің үштен екі бөлігінің халқын біріктіріп отырған, аумағы ұлан-байтақ, ресурсқа бай, әлемдік өндірістің ширектен астамын беріп отырған Азия әлемдік экономиканың, сауда-саттықтың, саясаттың маңызды ойыншысы болып отыр. Біздердің мемлекеттердің жиынтық территориясы жер шарындағы ең энергияға қанық территория болып табылады. Келісіңіздер, бұл бүгінде көп дүниеден сыр береді. Сонықтан да, энергетика мәселесі Азия елдерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және тұрақты дамуындағы айтулы факторлардың бірі болып табылады. Осы маңызды секторда өзара іс-қимыл Азиядағы өзара пайдалы, жалпы өңірлік ынтымақтастықтың мығым тірегі бола алады», деді форумда О. Мұхамеджанов.
Мәжіліс төрағасы мұнай, газ, көмір, уран сынды айтарлықтай және әртүрлі энергетикалық запасқа иелік ететін Қазақстан осы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өзінің нақты үлесін қосып жатқанын жеткізді. «Сөз жоқ, біздердің елдердің партиялық элиталарының сындарлы диалогы, құнды идеялармен алмасуы, келісілген күш-жігері қазіргі заманғы Азия, тіпті Азия ғана емес бүкіл әлем тап болып отырған қауіп-қатерлердің тұтастай кешенін табысты шешуге ықпал ете алады және етуге тиіс», деп атап көрсетті О. Мұхамеджанов.