Энергетика министрі Мемлекет басшысына не жайында баяндады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚанатБозымбаев Қазақстан Президентіне өткен жеті айдың қортындысын баяндап,энергетика саласының жоспарлы дамып жатқанын хабарлады. Баяндамаға сәйкес,мұнай өндіру көлемі 52,23 млн тоннаны құрап, биылғы жоспар 101,2 пайызғаорындалған. Оның ішінде үш ірі жобаның үлесіне 31,6 млн тонна тиесілі.(Қашағанда - 7,2 мон тонна, Теңізде- 17,5, млн тонна Қарашығанақта - 6,9 млнтонна.)

«Шыны керек,осы жылдың маусым айында Қашағанда күрделі жөндеуден өтіп, өндіру көлемітұрақты түрде тәулігіне 380 мың баррельге шықты. Ал, мұнай өндірудің ағымдағықарқыны жылдық жоспарды 89 млн тонна көлемінде орындауға мүмкіндік береді», -деді министр.

Сонымен қатар, мұнай өнімдерін өңдеу саласында да оңдинамика сақтаулы. Яғниөңдеу көлемі 9,58 млн тоннаға жетіп, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,1пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Бензин бойынша өңдеу 10,8 пайызға , дизель 7,8пайызға , авиаотын 2,2 есеге өсіп отыр. Осының нәтижесінде жыл басынан берінарықтағы бөлшек саудада баға төмендеген. Әсіресе бензиннің АИ-92 маркасы 6пайызға арзандаған.

Айта кетукерек, ағымдағы жылы Қазақстан ЕЭҚ-тан тыс жерлерге Аи-92 маркасын 70 мыңтоннаға дейін, ай сайын Аи-95 маркасы бойынша 15 мың тоннаға дейінтаза-экспорттаушы болып отыр.

Өткен жетіайда, газ өндіру көлемі 33,1 млрд текше метрді құрап, жоспар 101,8 пайызға, алтауарлы газ өндірісі 19,6 млрд текше метрге жетіп, белгіленген жоспар 104,8пайызға орындалды. Сондықтан ішкі нарықта тұрақтылық орнатылып, газ бағасыннегізсіз өсуіне жол берілмей келе жатыр. Халықты газбен қамту 49,7 пайызғажеткен. Қазір 9 млн-ға жуық адам көгілдір отынға қол жеткізген.

Кездесубарысында министр мұнай химия саласына да тоқталып, бірқатар жүйелі жұмыстардыбаяндады. Битум өндірісі 464 мың тоннаға жетіп, белгіленген жоспар 103 пайызғаорындалған.

Отандықмұнай-газ химиясындағы осы жылдың маңызды оқиғасы - Атырау МӨЗ-де хош иістікөмірсутектердің (бензол, параксилол) өнеркәсіптік өндірісін бастауы. Біріншіжартыжылдықта 95 мың тонна хош иісті көмірсутектер өндіріліп, олар экспортқа(Ресей) жіберілді. 2019 жылға жоспар - 180 мың тонна.

Ал, электрэнергиясын өндіру жалпы тұтынуға сәйкес 60,4 млрд кВтсағ құрап отыр.

Сондай-ақ,кездесуде министр Президентке энергетика саласына жасалып жатқан инвестициялартуралы да мәлімет берді.

Мұнайөндірісінде үш ірі жобаны іске асыруға құйылған инвестиция көлемі 44,5 млрд АҚШдолларын құрады. Бұл қаражат үш ірі жобаны іске асыруға - Теңізді болашақтакеңейту жобасы (38 млрд АҚШ доллары), Қарашығанақ өндіру деңгейін ұзартужобаларына (4,5 млрд АҚШ) жұмсалады.

Осылайша,теңізді болашақта кеңейту жобасы сапалы өндіруге серпіліс бермек. Яғни жылсайынғы деңгейді 2023 жылдан бастап, бірден 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндікбереді. Мұнай-газ химия саласында жалпы құны 12,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 8инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл - Полипропилен мен Полиэтилен жобаларыжақын шет елдер арасындаполимерлер өндірісіндегі ең ірі жобалары. Екі жоба бойынша инвестиция көлемі -9 млрд доллар. Құрылыс кезінде кемінде 3 мың жұмыс орны және пайдаланукезеңінде – 1 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Полипропиленжобасы бойынша құрылыс кесте бойынша жүріп, 2021 жылы аяқталады.

Айта кетукерек, қазіргі таңда жаңартылатын энергетиканы дамыту да тұрақты жолғақойылған. Осы саладағы көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары инвесторлардыңбелсенді түрде қызығушылығын тудырады. Қазірдің өзінде инвестициялық көлемі 2млрд АҚШ долларынқұрайтын 82 РРА келісімшартқа қол қойылды.

Жыл соңынадейін, ЖЭК объектілерінің жиынтық қуаты 733-тен (77 нысан) 967 МВт-қа (85нысан) дейін артады. 2020 жылы ЖЭК санын 95-ке (1483 МВт) дейін, 2021 жылы119-ға (бұл 2096 МВт) дейін жеткізу жоспарлануда.

Сөз соңындаПрезидент энергетика саласының дамуына оң бағасын беріп, алдағы уақыттақалыптасқан тұрақтылықты сақтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар