Энергетика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы энергетика министрінің бұйрығымен Айдын Жұмабекұлы Ашуев ведомство аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы академиясы» АҚ бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы «Ақжол» ЖШС менеджер болып бастаған.

1999-2003 жылдары аралығында ҚР Статистика агенттігінде түрлі қызметтерді атқарған.

2003-2005 жылдары – «Сараптық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маман, Басқарма төрағасының көмекшісі.

2006-2007 жылдары – ҚР Әділет министрлігі «Зияткерлік меншік ұлттық институты» РМҚК құрылымында басшылық қызметтерді атқарған.

2007-2009 жылдары аралығында «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ және «Қазагрогарант» АҚ жұмыс істеген.

2009-2011 жылдары – ҚР ТЖМ «Резерв» РМК бас директорының орынбасары, «ҚР Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК директоры.

2011-2014 жылдары – ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары.

2016-2018 жылдары – «Амангелді Газ» ЖШС қаржы және экономика бас директорының орынбасары.

2019-2021 жылдары Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы, Қазынашылық комитетінің төрағасы, ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторының м.а. қызметтерін атқарған.

2022-2023 жылдары – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚАҚ басқарма төрағасы.

2025 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін ҚР энергетика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Осыған дейін Таласбек Қанафин Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалғанын жаздық.