Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлері шабуылға ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM - Белгісіз адамдар Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлерін бұзды.

Фото: Pixabay

«Белгісіз тұлғалар ҚР Энергетика министрлігі басшылығының месенджерлерін бұзды. Осыған байланысты, бұзылған нөмір аккаунттары арқылы әртүрлі зиянды сілтемелер, дұрыс емес ақпараттар мен өтініштер және басқалар келуі мүмкін. Мұндай хабарламаларға сенбеулеріңіз және оларды ескермеулеріңізді сұраймыз. Мессенджерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Энергетика министрлігінің өкілі Шыңғыс Ильясов.