— Технологиялық процесс акваториядағы ағымдағы ауа райына байланысты енгізілген түзетулерді ескере отырып, штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Ведомствоның негізгі басымдығы экспорттық жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтау қуаттарының шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу, — делінген хабарламада.
Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда және халықаралық серіктестермен, консорциум операторымен тікелей байланыста отырғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, министрлік Өзбекстанда қазақстандық мұнайдан әуе отыны өндірілгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.