Кеңес барысында магистральдық құбырлар өтетін аумақтардағы күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдалану шектеулерін есепке алу бөлігінде БМЖМК функционалын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Қатысушылар магистральдық құбыр көлігі объектілерін қауіпсіз пайдалануға қатысты заңнама талаптарының сақталуын бақылау тиімділігін арттыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, деректер алмасу және ақпараттық жүйелерді интеграциялау тетіктерін талқылады. Магистральдық құбырлардың күзет аймақтары режимінің бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ жер учаскелерін беру және тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде тиісті шектеулерді уақтылы есепке алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша БМЖМК-ны одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленіп, магистральдық құбырларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың бірлескен жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.
Бұған дейін Энергетика министрі елдегі бензин бағасына түсінік берген болатын.