— Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жақып Хайрушев Кеңестің қызметінің қорытындыларын жариялады. Есептік кезеңде Қоғамдық кеңес мүшелері 107 заңнамалық жобаны қарады, барлық материалдар белгіленген мерзімде зерттелді. Кездесулер барысында 34 мәселе, соның ішінде электр энергетикасы мен мұнай-газ саласына қатысты сұрақтар қаралды, — делінген хабарламада.
Отырыстың соңында марапаттау рәсімі өтті. Энергетика саласының дамуына қосқан үлесі және Энергетик күніне орай Қоғамдық кеңес төрағасы Жақып Хайрушев «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Энергетика мәселелері комитетінің басшысы Алмаз Абилдаев «Еңбек сіңірген энергетик төсбелгісімен» төсбелгісімен, Қоғамдық кеңес мүшесі Балжан Досмұхамбетова «Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, жақында Ақордада энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат марапатталды.