Тиісті органдардың тарапынан қолға алынып жатқан шаралардың арқасында біршама шешімін табуы керек. Бұл туралы
«Жақын арада Энергетика министрлігі осы мәселеге қатысты бірсыпыра ақпарат берген. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның орталық өңірлерін газдандыру мәселесі бойынша құжаттар мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберілген. Биылғы жылдың ортасына қарай құжаттар сараптамадан өтіп, оң қорытындысын алды. Қазіргі уақытта бұл мәселе Үкіметте талқылануда», - дейді Ғани Сәдібеков.
Вице-министрің айтуынша, Астана ауасының ластануына негізінен энергетикалық кешендер себеп болып отыр.
«Астананы газдандыру жүйесіне көшіру арқылы осы мәселені шешуге болады. Екіншіден, шығарылымның бір бөлігі автокөліктен бөлінетінін жақсы білесіздер. Қазір Астана әкімдігі мен тиісті органдар осы бағыт бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Қоғамдық көліктерді «экологияландыру» жұмысымен қатар, тиісті өкілетті органдар автокөліктерден газдың шығарылымы нормадан аспауы мәселесін қатаң қадағалауда. Автокөліктердің бәрін «Еуро-4», «Еуро-5» талаптарына келтіру жұмысы да бар. Ескірген, атмосфераға зиянды қалдықты көп бөлетін автокөліктерді ауыстыру қолға алынып, былтырдан бастап барлық 16 өңірде ескі көліктерді қабылдау жүріп жатыр. Менің ойымша, осындай шаралар легі Астананың ауасының тазаруына септігін тигізуі керек», - дейді Ғани Сәдібеков.