Дегенмен, ведомствоның хабарлауынша, түбегейлі шешім әлі шығарылған жоқ.
«Самұрық-Энерго» АҚ хабарламасына сәйкес, Samsung C&T Сorporation компаниясымен бірге жобаны аяқтау бойынша түбегейлі шешім әлі шығарылған жоқ. 2016 жылдың 31 тамызында Samsung C&T Сorporation-нан «Балқаш ЖЭС» АҚ акцияларын қазақстандық тараппен сатып алуын талап ететін сатылым опционын атқару туралы, сонымен қатар Samsung Engineering Co Ltd компаниясынан құрылысты жүргізу туралы келісімшартты бұзу туралы хабарлама келіп түсті», - делінген «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берілген жауапта.
Министрліктің жазуынша, келісімшарт талаптарына сәйкес, қазақстандық тарапта 60 күн ішінде корейлік инвесторлармен қарым-қатынасты реттеуге мүмкіндік бар.
Министрлік екі тараптың арасында («Самұрық-Энерго» АҚ мен Samsung C&T Сorporation) түбегейлі шешім қабылданбағандықтан, ары қарай бұл оқиғаға түсінік беруден бас тартты.