АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігінің қызметкерлер саны 90 адамға қысқарады. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін министрлік қызметкерлерінің саны 90 бірлікке қысқарады. Орталық аппаратта департаменттер саны 21-ден 17-ге, ал ведомствоға бағынышты бұйымдар саны 11-ден 7-ге дейін азаяды», - деді министр.
Осы ретте Қанат Бозымбаев министрліктің жауапты хатшысы Қанатбек Сафиновке қажетті жұмыстарды жүргізіп, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.