«Инфляциялық таргеттеудің Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіне ықпалы туралы айтатын болсақ, Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспарлары өзгеріссіз қалды. Ағымдағы шаралар белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Осыған сәйкес, биылғы жылы мақсат-міндеттерін орындауы үшін кен орнын пайдаланушыларға барынша қолдау жасалуда. Біздің ойымызша, мұнай өндіру саласында әлемдік жағдайдың қиын болуына қарамастан, ағымдағы жылдағы белгілеген жұмыстарымыз толық жүзеге асырылу тұрғысында барлық тиісті шараларды атқаруға қауқарлы боламыз», - деді Ұ. Қарабалин.
11:05, 09 Қыркүйек 2015
Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспарлары өзгеріссіз қалды - Ұ. Қарабалин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы мақсат-міндеттерін орындауы үшін кен орнын пайдаланушыларға барынша қолдау жасалуда. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.