«Ең алдымен дәстүрлі гендерлік рөлге негізделген тысқары пікірден арылуымыз қажет. Әйелдер мансап жолында отбасына басымдық береді деген ойдан арылған жөн. Оның орнына әрбір адамға оның адамгершілігі мен ұмтылысы тұрғысынан қарауымыз керек. Өзімнің еңбек жолымда көптеген әйелдің отбасы мен мансапқа ұмтылыс арасындағы теңгерімді табысты таба білгеніне куә болдым. Оның үстіне кейбірі отбасынан жырақта, шетелде жұмыс істеуіне тура келді», - деді ол KazEnergy энергетикалық форумында.
Шетелдік сарапшы, екіншіден, әйелдердің мақсаты мен қалауына құлақ түру маңызды екенін айтады.
«Үшіншіден, гендерлік теңдік дегеніміз – ұжымдық күш-жігер. Жұмыс орнында теңдей мүмкіншіліктерді мойындау аса маңызды. Басшылық қызметтегі әйелдер тәлімгер рөлін қолға алып, үлгі болуы, тәжірибесімен бөлісуі, жеңілістері мен жеңістері жайлы ашық айтуы тиіс. Мұндай баға жетпес тәлімгерлік көшбасшыларға қажетті қолдау көрсетеді. Болашақ көшбасшы әйелдер дайындау – бұл тек гендерлік теңдік мәселесі емес. Сөз саланы нығайту, инновацияны ынталандыру, барынша теңгерімді әрі гүлденген болашақты қамтамасыз ету жайында болып отыр», - деді Сесиль Ролин.