деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру генерацияланатын қуаттардың барымен, олардың қазіргі техникалық жағдайымен және орта мерзімді перспективадағы жаңғыртылуымен тығыз байланысты. Қазақстан Үкіметі жаһандық қаржы дағдарысының салдарын төмендетіп, бизнеске аяғына тік тұрып кетуіне көмектесу үшін қолынан келгенінің барлығын жасады. Біз де енді экономиканың нақты секторындағы белсенділіктің өсімін, ізінше электр энергиясын тұтыну көлемінің артуын күтуге құқылымыз », деді кеңесте Ә. Исекешев.
Осы орайда вице-премьер: «Біздің барлығымыз Ішкі жалпы өнім өндірісінің қарқынының шапшаң болатындығына дайын болуға тиіспіз», деді. Осы орайда ол индустрияландыру бағдарламасына жаңа генерацияланатын қуаттар құрылысын салу, қолданыстағы қуаттардың кеңейту, электр желілері нысандарын дамыту жобалары енгізілгенін атап көрсетті. Балқаш ЖЭС-і, Мойнақ СЭС-і, Екібастұсздағы 2-ші ГРЭС-тің 3-ші энергоблогы, Экібастұздағы 1-ші ГРЭС-тің энергоблоктарын және АҚСУ ГРЭС-ін қалпына келтіру, ұлттық электр желісін жаңғырту солардың негізгілері болып табылады. «Үкімет ауқымды жұмыстарды атқарды, бұл жобалар жүзеге асырылатын болады, барлық мәселелер іс жүзінде шешімін тапты», деді ол.