«Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев және АҚШ энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэниэл Понеманың төрағалығымен өткен комиссия отырысында оған қатысушылар қол жеткізілген нәтижелер негізінде энергия тиімділігі, технология және экологиялық таза энергия салаларында, сондай-ақ осы саладағы инвестицияларға көмектесу мақсатымен нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруде бірлесе жұмыс істеуге келісті», - делінген ағымдағы жылдың 15-16 қараша күндері болған отырыс қорытындысы бойынша жасалған бірлескен мәлімдемеде.
Қазақстандық және американдық сарапшылардың екікүндік жұмыс қорытындысы энергетикалық әріптестік саласындағы бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдау болды. Қазақстан тарапынан Комиссия жетекшісі болған С.Мыңбаев: «Құжат атауының өзі оған тәжірибе жүзінде бекітіліп отырған ережелерге бағытталған», - деді.
Комиссия жұмысына қатысумен қатар Сауат Мыңбаев американдық әкімшілікпен және АҚШ-тың корпоративтік қауымдастығы жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді.
«Комиссия жұмысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапары барысында екі ел арасындағы энергетикалық әріптестік жөніндегі Декларация қабылданған 2001 жылдан бері басталады. Яғни энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақтандық-американдық комиссияның мол тарихы бар және ол дамитын болады», - деді АҚШ-тағы ҚР елшісі Ерлан Ыдырысов.
Комиссияның кезекті, 8-отырысы 2011 жылдың күзінде Астанада өтетін болады.