Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Энергетикалық хартия хатшылығынан хабарлады.
Баяндаманы дайындау барысында ағымдағы жылдың 11-15 шілде аралығында Астана қаласына Энергетикалық хартия хатшылығының делегациясы келеді. Оның құрамында энергетикалық инвестициялар бойынша департаменттің директоры Дарио Келло мен аға сарапшы Зафар Самадов болады. Аталмыш халықаралық ұйымның өкілдері мемлекеттік ұйымдар, министрліктер, ведомстволар, агенттіктер, ұлттық компаниялар, халықаралық инвесторлар мен халықаралық қаржы институттарын қоса алғанда, Қазақстан энергетикасы секторындағы барлық серіктестерімен кездесулер өткізеді.
Өзара шолу аясында дайындалып отырған аталмыш баяндаманың мақсаты - Энергетикалық хартияға қатысушы мемлекеттермен ақпарат алмасу және ынтымақтастық. Баяндамада ұлттық экономиканың дамуы туралы жаңартылған ақпарат, тікелей шетелдік инвестициялар туралы негізгі статистикалық мәліметтер, құқықтық базаның тереңдетілген талдауы, сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық сеторындағы инвестициялық климат пен нарық құрылымының шолуы бар.
Баяндаманың өзі ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Брюссельдегі отырыста инвестициялар тобы бойынша ұсынылады деп күтілуде. Тұсаукесер мен көрсетілген топ бойынша талқылау қорытындылары бойынша саяси қорытындылар және Қазақстан Үкіметіне кеңестер шығарылады, Энергетикалық хартия конференциясының мақұлдауына ұсынылады.