Энергетикалық сусындар қан қысымын көтереді

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Энергетикалық сусындар қан қысымын жоғарылатып, жүректің қалыпты ырғағын бұзуы мүмкін. Бұл туралы Стоктондағы Тынық мұхиттық университеттің қызметкерлері Американдық кардиологиялық қауымдастықтың ғылыми конференциясы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.

Мамандар жүрек денсаулығына энергетикалық сусындардың әсерін анықтау үшін бұған дейін жарияланған жеті зерттеудің мәліметтерін талдады.

Зерттеу барысында еріктілердің артериялық қысымы жоғарғы көрсеткіші орташа есеппен алғанда сынап бағанасы бойынша 3,5 мм-ге өскені анықталды.

«Жоғары артерия қысымы бар немесе QT созылмалы интервал синдромымен ауыратын науқастар энергетикалық сусындарды ішпес бұрын ойланғаны және абай болғаны жөн. Өйткені оның құрамында кофеин болады, жоғары артерия қысымының пайда болу қаупі бар»,- деп атап өтті мамандар.