Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында энергетиктердің кәсіби мерекесіне орай ресми мәртебені белгілеу ұсынысына қатысты сұрақ қойылды.
— Қазіргі кезде энергетик күні бойынша тиісті ұсыныс қаралып жатыр, яғни тиісті бұйрыққа қатысты жұмыстар пысықталады. Бұйрық жобасы Әділет министрлігінде келісу сатысында. Жақын арада келісім болса, 22 желтоқсанға осы датаны — Энергетик күнін бекітеміз, — деді Асқар Биахметов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында еңбек нарығын дамыту тақырыбы қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов жас мамандарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударуды тапсырды.