«Электр станцияларында жөндеу кестесіне сәйкес 8 энергия блогы, 51 қазандық, 38 турбина жөнделді. 2 энергия блогында, 4 қазандықта және 7 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталу кезеңінде. Электр желілерінде 20,7 мың шақырым электр беру желілері, 384 қосалқы станция және 4 054 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станциялар, 542 шақырым жылу желілері жөнделді», — деді вице-министр.
Оның атап өтуінше, жылыту кезеңіне дайындық және алдағы жылыту маусымында тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін министрлік тарапынан:
— электр энергиясының шекті тарифтері түзетілді;
— электр қуаты нарығында шекті тариф ұлғайтылды;
— қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды.
2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды өткен жылдың деңгейінен 327 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
«Энергия көздерінің отын қоймаларында 5,6 млн тонна көмір және 97 мың тонна мазут жинақталған, бұл нормативке сәйкес келеді. Министрлік өңірлер бойынша бірқатар ағымдағы мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Қарағанды облысында Саран қаласының орталық қазандығында екі қазандықта іске қосу-реттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазандық 102 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. 17 жергілікті қазандықта 23 қазандық ауыстырылды және қосымша орнатылды. Тозған қосалқы жабдықтар — сорғылар ауыстырылды. Көмірдің жинақталуы қамтамасыз етілді, от жағушы штаты толық жасақталды. Аталған іс-шаралар қысқы жағдайларда сенімді жұмысты қамтамасыз етеді», — деді ол.
Вице-министрдің дерегінше, Шығыс Қазақстан облысында Риддер ЖЭО-да 3 қазандық жұмыс істейді. № 1 қазандық резервте. Қараша айының соңына дейін тағы 2 қазандықта (№ 4, 5) жөндеу жумыстары аяқталады. Жылыту кезеңінде жұмыста 4 қазандық болуы тиіс.
«Түркістан облысында Кентау қаласының ЖЭО-да 6 қазандықта жөндеу және реконструкциялау аяқталды. Желтоқсан айының ортасына дейін № 7, 12 қазандықтардың дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс. Қыста 5 қазандық болуы қажет», — деді Ерлан Ақкенженов.