— Елде тұрақты энергиямен жабдықтауды және генерациялаушы қуаттарды жоспарлы түрде жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында 60 энергия өндіруші ұйым (ЭӨҰ) үшін шекті тарифтерді қайта қарау жүргізілді. Шешім жөндеу науқандарын уақтылы өткізу, сондай-ақ жабдықтардың сенімділігін жаңарту мен ұстап тұру бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті қаржылық жағдайларды жасауға бағытталған, — делінген бұйрық сипаттамасында.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, энергия өндіруші ұйымдар үшін түзетілген тарифтерді қолданысқа енгізу мерзімі 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап жоспарланып отыр.
Бұған дейін энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін айтарлықтай кредиторлық берешегі сақталып отырғанын жазған едік.