Энергия-сервистік компаниялардың қызметі заң аясында жүзеге асатын болады - А. Рау

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң жобасы мақұлданды.

Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың айтуынша, 2012 жылы елімізде энергия үнемдеу мен энергия тиімділігіне қатысты жаңа заң қабылданған болатын. Соның нәтижесінде энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік туды. «Қазіргі таңда мемлекеттік энергетикалық реестр құрылды, оған 4 мыңнан астам ұйымдар еніп отыр, 60 энергия-аудиторлық компания аккредиттелген. Айта кетейін, бірінші бесжылдық бойынша ұлттық экономиканың энергия қамтымдылығын 10 пайызға төмендету туралы Елбасының жүктеген тапсырмасы орындалды», - деді А. Рау.

Алайда, оның сөзіне қарағанда, сонымен бір мезгілде энергия үнемдеу шараларын қаржыландыру бағытында белгілі бір қиыншылықтар орын алуда. Осыған байланысты, заң жобасы энергия-сервистік компаниялардың қызметін жүзеге асыру үшін заңнамалық негіз қалыптастырылады.

Заң жобасы энергия тиімділігін арттыру тетігін одан әрі жетілдіру және өндіріс секторы мен энергия ресурстарын тұтыну саласында озық энериялық тиімді технологияларды қолдану мақсатында әзірленген.