Энергия үнемдеу рейтингі: Қазақстан ТМД бойынша нешінші орында тұр

Фото: Табиғи монополияларды реттеу комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Энергия үнемдеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен, Қазақстан әзірге ТМД елдері ішінде үздіктер қатарында жоқ. Бұл туралы Kazinform агенттігінің ресми сауалына Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми жауабында айтылған.

Мәліметке сай, Халықаралық энергетикалық агенттіктің 2022 жылғы деректеріне сәйкес, Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда 3,3 есе жоғары. Ал ТМД елдері арасында төртінші орында тұр:

Ел

2021

2022

2023

1

ЭЫДҰ

0,1

0,096

0,093

2

Армения

0,298

0,281

-

3

Тәжікстан

0,309

0,298

-

4

Әзербайжан

0,305

0,308

-

5

Қазақстан

0,32

0,315

0,3156

6

Өзбекстан

0,431

0,392

-

7

Молдова

0,442

0,4

-

8

Беларусь

0,455

0,462

-

9

Ресей

0,548

0,545

-

10

Қырғызстан

0,528

0,547

-

11

Украина

0,87

0,853

-

12

Түрікменстан

0,833

0,884

-

Кестеден Қазақстан ТМД елдері арасында Армения, Тәжікстан және Әзербайжаннан кейін тұрғанымен, Түрікменстан, Украина және Ресей сияқты елдерден көрсеткіші 2-2,5 жарым еседей жоғары екенін аңғаруға болады.

Сарапшылардың пікірінше, энергия сыйымдылығын одан әрі төмендету үшін тек өндірісті жаңғыртып қана қоймай, ЖІӨ құрылымын да өзгерту керек. Мәселен, қызмет көрсету мен өңдеу өнеркәсібі үлесін арттыру, цифрлық және «жасыл» технологияларды көбірек енгізу энергия сыйымдылығын еселеп төмендетуге мүмкіндік береді.

Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) энергия сыйымдылығы – экономиканың энергияны пайдалану тиімділігінің негізгі көрсеткіші. Бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, энергия үнемділігі соғұрлым жоғары болады.