«Энергиялық тиімді саясатты дамыту - өнеркәсіпті, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен көлік секторын жаңғыртудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Энергия үнемдеудің табысты саясаты мен энергия тиімділігін арттыру өз кезегінде еліміздің энергетикалық, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді»,-делінген семинар барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Раудың құттықтау сөзінде.
Аталған жиын барысында «Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасы, жарық техникасы саласын дамыту мен бұл бағытта өнім өндірісі мәселелері кеңінен талқыланды.