Бұл туралы ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер министрлерінің кездесуінде белгілі болды. Сауд Арабиясында өткен Халықаралық энергетикалық форум мен Дүниежүзілік мұнай конгресі аясында министрлер энергия жеткізудегі үзілістер әлемдік экономикадағы инфляциялық қысымды одан әрі күшейтіп отырғанын мәлімдеді.
Мұндай жоғары шығындар мұнай өндіруші елдер мен тұтынушыларға түсетін қаржылық салмақты арттырып, шығындардың көбеюіне әкеледі. Бұл мұнай өндіруден бастап тұтынушыға жеткізуге дейінгі бүкіл тізбектегі шығындарды көбейтіп, әлемдік экономикалық өсімге кері әсер етеді.
Осыған байланысты министрлер әлемдік теңіз тасымалын жақсарту үшін қалыптасқан жағдайды бақылауды жалғастырып, үкіметтермен, сала өкілдерімен және халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейтінін айтты.
Сондай-ақ олар мұнай нарығындағы тұрақтылыққа қол жеткізу және оны сақтау мақсатында 2026 жылғы 7 маусымда қабылданған шешімдерді қолдайтынын растады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ОПЕК елдері қарашада мұнай өндірісінің қазіргі деңгейін сақтауға келіскен болатын.