Энергияны үнемдеуді жетік білген «Хан Шатыр» орталығының келушілері сыйлықтарға ие болды - Астана

Фото: None
АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Тиімді меншік иесі» мен энергия үнемдеу - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты нәтижелі жаңғыртудың негізі» атты жалпы республикалық акциясы аясында «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Сұрақ-жауап» викторинасы өтті.

Викторинаға «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына келушілер қатысты. Олар жүргізушілердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанның тұрғын үй саясатының негізгі өлшемдері туралы өз білімдерін тексере алады. Дұрыс жауап берген әрбір қатысушыға сыйлық берілді. Сондай-ақ, барлық ойын қатысушыларына тиімді меншік иесі мен энергия үнемдеу әдістері туралы ақпараттық парақшалар таратылды.

Оның басты мақсаты - еліміздің тұрғын үй саясатын түсіндіру және тұрғын үй қатынастары субъектілеріне кеңес беру. Тиімді меншік иесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалаудағы маңызды буын болып табылады. Тек сол ғана көппәтерлі тұрғын үйдің жай-күйін қалай жақсартуға болатындығын, басқарушы компаниялар мен пәтер иелері кооперативтерінен ортақ үй мүлкін тиісінше басқаруын қалай талап ететіндігін шешіп, сол арқылы басқарушы және сервистік компаниялардың кәсіптік нарығын дамытуға септігін тигізе алады.

Шараны ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, «Нұр Отан» ХДП, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» бірлестігі, «Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялары қауымдастығы» бірлестігі, БҰҰ даму бағдарламасы ұйымдастырды.