Лисаков қалалық соты 35 жастағы азамат А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы (құқыққа қарсы әрекеттерімен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласына сәйкес) бойынша айыпталды.
Іс материалдарында көрсетілгендей, үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында азамат А. мас күйінде өзінің енесіне былапыт сөздер айтып, тіл тигізген. Заң бойынша отбасы мүшелерін кемсіту және басқа да іс-әрекеттер жасау әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен қаралады.
Сот үкімі бойынша, ер адам айыпты деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.