«Eni» компаниясы Павлодар мұнай-химия зауытын жаңартудың алты нұсқасын ұсынды

АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Италиялық «Eni» компаниясы Павлодар мұнай-химия зауытын жаңартудың алты нұсқасын ұсынды. Бұл туралы bnews.kz порталындағы онлайн-конференция барысында ҚР Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.

«Eni» компаниясының ұсыныстарына сәйкес Павлодар мұнай-химия зауытында жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау қолға алынды. Зауыттыжаңартудың 6 түрлі нұсқасы қарастырылды. Оның ішінде біз екі негізгісіне тоқталып отырмыз», - деді Ә.Мағауов.

Екі нұсқа бойынша, вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта егжей-тегжейлі ТЭН жасалуда. «Қыркүйекте біз осы ТЭН нәтижелерін күтіп отырмыз, содан кейін біздің қай нұсқа бойынша өндірісті дамытатынымыз белгілі болады», - деді Ә.Мағауов.