Бүгін мектеп оқушылар мен түлектеріне әдемі безендірілген ашық хатқа құттықтау жазып, оны өздерінің туыстары мен жақындарына жіберу мүмкіндігін алады. «Бүгінгі мектеп оқушылары, түлектер тәуелсіз, егемен Қазақстанда дүниеге келген 15-17 жастағы ұл-қыздар. Олар өз елімен бірге өмір сүрді, білім алды, дамыды. Қазақстанның барлық сәттіліктері мен жеңістерінің куәсі болды. Бүгінгі мектеп оқушылары мен түлектер - біздің ертеңгі болашағымыз. Сондықтан да біз өзіміздің акциямызды бастадық», - дейді шараны ұйымдастырушы Ирина Бобкова.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусымында ғана Азаматтық альянс бүкіл Қазақстан бойынша кемінде 100 мың ашық хат таратуды жоспарлап отыр.