«100 мың теңгелік өтемақының карточкасын алып, ырзаболып бара жатырмыз. Барынша қолдау білдіріп жатқан халыққа, үкіметке рахмет айтамын. Шығындар болыпжатыр. Бәрі орнымен шешіліп келеді. Ешкімге қапа емеспіз. Етек-жеңіміз жиылып,еңсеміз көтеріліп қалатын болды», - дейді үйіндегі бес адамға 500 мың теңгетигелі тұрған Арыс қаласының тұрғыны Абай Молдабеков.
Жарылыс болғалы бері Арыстан аттап шықпағанИндустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев құрылысбарысын күнде бақылауға алып, әр сектордың жұмысын жіті қадағалап жүр. Оныңайтуынша, осы аптада Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстары өздеріне тиесілісекторлардағы жұмысын аяқтауға жақын қалған.
«Бір ай бұрын кіші ауданда сау қалған бірде-бір үйқалмап еді. Бүгін көз тоярлық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тақауда ғанабасталған үйлер 10-15 күннің ішінде толығымен бітеді деп санаймын. Арыстұрғындарына айтарым: көп төздіңіздер – енді кішкене шыдай тұрыңыздар. Жұмыстытүгел бітпей, ешкім ешқайда кетпейді. Жұмыстарды толығымен бітіріп береміз», -деді Қайырбек Өскенбаев.
Еске сала кетсек, кеше Арыс тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы беруүшін банк карталарытаратыла бастаған еді.
«100 мың теңге тіркеуде тұрғандарға түгелтаратылады. Анықталған 55 мыңнан астам адам 12 тамыздан бастап қаражатқа қолжеткізеді. Бүгінгі таңда екі ауылдық елдімекен мен Арыс қаласындағы 17 сектордабанк карталары таратылуда. Қызылорда, Жамбыл және Шымкент қаласынан «Халықбанкінің» 120 қызметкері Арысқа арнайы келіп, жұмыс жүргізіп жатыр», - делінгенТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінінің хабарламасында.
Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімінің орынбасарыЖолдымұрат Аманбаев ақшаны алудың тәртібін түсіндірген еді.