Энтони Блинкен Израильге ұшып барды
15:25, 12 Қазан 2023
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге ұшып келді. Оны Израиль Сыртқы істер министрлігінің басшысы Эли Коэн әуежайдан күтіп алды. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Қысқа мерзімді сапары кезінде Блинкен Израильдің ресми тұлғаларымен және Батыс қолдап отырған Палестина әкімшілігінің төрағасы Махмуд Аббаспен кездеседі.
М.Аббас Газа секторында ХАМАС-пен бәсекелес – Палестинаны азат ету ұлттық қозғалысы партиясын (ФАТХ) басқарады.
Reuters агенттігінің жазуынша, Блинкен сапары кезінде ХАМАС тұтқынға алған азаматтарды босату (олардың қатарында АҚШ азаматтары да бар), сондай-ақ Газаның бейбіт тұрғындары үшін қауіпсіз дәліз ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.