Энтони Блинкен Сауд Арабиясына, Египетке, Катарға, Израильге, сондай-ақ Иордан өзенінің батыс жағалауына барады. Мәлімдемеде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Палестинаның радикалды ХАМАС ұйымы кепілге алғандарды босатуды, сондай-ақ Газа секторына көмек жеткізу үшін гуманитарлық үзіліс орнатуды көздейтін келісімге қол жеткізу үшін дипломатиялық күш-жігерді жалғастыруға ниетті екендігі аталып өтті.
Мемлекеттік хатшы сонымен қатар Таяу Шығыстағы, атап айтқанда израильдіктер мен палестиналықтар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін талқылайды.
Естеріңізге сала кетейік, Блинкен соңғы рет қаңтар айында Таяу Шығыс елдеріне, әрі қарай Африкаға сапар жасады.