«ЕО елдері 2017 жылы пана іздеп келген 538 мың адамға босқын мәртебесін берген, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 25% аз», - деп атап өтілген Еуростатта.
2017 жылы пана сұрап келгендердің үштен бірі - Сирия азаматтары. Одан кейін Ауғанстан (100 мың) және Ирак (64 мың) азаматтары бар.
Босқындардың басым бөлігі - Германияда, онда бұл мәртебені 325 мың мигрант алған. ГФР-дан кейін бұл көрсеткіш бойынша Франция (40 мың), Италия (35 мың), Австрия (34 мың) және Швеция (31 мың) тұр.
фото:ozodi.org
17:51, 19 Сәуір 2018
ЕО 2017 жылы 538 мың босқынға пана берді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ былтыр 538 мың босқынға пана берген. Мұндай деректі бейсенбі күні Еуростат статистика қызметі жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.