Басылымның ақпараты бойынша, бірқатар африкандық елдерге, соның ішінде Эфиопияға, Суданға, Угандаға және Кенияға, егер олар Еуроодақ аумағына жасырын келген 800 мың мигранттың «ең болмаса бір бөлігін» қабылдайтын болса, 1,3 миллиард фунт (шамамен 1,8 миллиард еуро) ақша ұсынбақ.
Сонымен қатар Африкадан «жоғары білікті қызметкерлер» мен студенттерді Еуропаға келуге құшақ жая қарсы алады: олар үшін визалық жеңілдіктер қарастырылады, тіл үйрету курстары ұйымдастырылады, жұмыс орындары беріледі.
ЕО ресми жоспары мигранттарға еуропалық елдерге келудің ашық түрін ұсынуы, сөйтіп, адамдардың теңізде қазаға ұшырауын қысқартуы тиіс (бұл ең қауіпті және босқындардың Еуропаға жолының кең тараған түрі), алайда The Daily Telegraph, егер Африка «еуропалық елдер өз аумақтарынан шығаратын ондаған мың мигранттарды қайтарып алар болса, бұл африкалық лидерлерге сәбіз ұсынғанмен бірдей», деп атап өтеді.
Еуропада бір жарым жылға жуық уақыт миграциялық дағдарыс басталды. ЕО-ның әділет және ішкі істер жөніндегі кеңесі қыркүйекте Италиядан және Грекиядан босқындарды Еуроодақ бойынша орналастыру жоспарын мақұлдағанымен Еуроодақ көшбасшыларында бұл мәселеде келісім жоқ. Кейбір елдер, соның ішінде Чехия, Венгрия, Румыния және Словакия қоныс аударушыларды қабылдағысы келмейді.