ЕО АҚШ-пен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздерді маусымда бастайды

None
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - ЕО АҚШ-пен еркін сауда туралы трансатлантикалық келісушіліктерді орнату мақсатындағы келіссөздерді маусым айында бастайды.

Бұл туралы Еурокомиссияның басшысы Жозе Мануэл Баррозу мәлім етті.

Еурокомиссияға бұл келіссөздерді жүргізуге мандат беру туралы шешім ЕО-ның 8 ақпанда өткен саммитінде қабылданды.

«Еркін сауданың Трансатлантикалық аймағын құру батыс экономикасына дағдарысты еңсеруге және тұрақты дамуды ынталандыруға ықпал етеді»,- деді Баррозу. «Бұл өңір әлемдік сауданың жартысына дерлігін қамтиды».