Бұл туралы Еурокомиссияның басшысы Жозе Мануэл Баррозу мәлім етті.
Еурокомиссияға бұл келіссөздерді жүргізуге мандат беру туралы шешім ЕО-ның 8 ақпанда өткен саммитінде қабылданды.
«Еркін сауданың Трансатлантикалық аймағын құру батыс экономикасына дағдарысты еңсеруге және тұрақты дамуды ынталандыруға ықпал етеді»,- деді Баррозу. «Бұл өңір әлемдік сауданың жартысына дерлігін қамтиды».