ЕО арнаулы өкілі Наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Петер Буриан қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Қазақстан тұрғындарын Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан халқына денсаулық пен гүлдену тілеймін!»,-деді П.Буриан қазақстандықтарға әлеуметтік желі арқылы.

«Еуропалық Одақ атынан Қазақстан халқын мерекемен құттықтау мүмкіндігін пайдаланғым келіп тұр. Еуропалық Одақ Қазақстанмен серіктестік қатынастарды одан әрі де жалғастыра беруге ниетті екендігін атап өткім келеді. Еуропалық Одақ жақсылықта да, қиын-қыстау кезде де Қазақстанның сенімді серіктесі болуға мүдделі»,-деді Еуроодақтың арнаулы өкілі Петер Буриан.