ЕО басшылығы Б.Обаманы АҚШ Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

БРЮССЕЛЬ. 7 қараша. ҚазАқпарат - ЕО Кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей мен Еуроодақтың төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Барак Обаманы АҚШ Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

Бұл туралы Еуроодақ басшылығының таратқан мәлімдемесінде айтылады.

«Біз Барак Обамаға Америка Құрама Штаттарының президенті қызметіне қайтадан сайлануымен құттықтау сәлемдемемізді қуана жолдаймыз. Құрама Штаттары Еуропалық Одақтың басты стратегиялық әріптесі болып табылады, және біз президент Обамамен соңғы төрт жылда орын алған ғаламдық проблемаларды бірлесіп шешуде, соның ішінде қауіпсіздік пен экономика салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған екіжақты тығыз ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміттенеміз», - деп атап өтіледі Х.Ромпей мен Ж.Баррозудың бірлескен мәлімдемесінде.

Бұдан басқа, еуропалық шенеуніктер экономикалық өсімді қамтамасыз ету және жұмыс орындарын құру үшін трансатлантикалық нарықтың әлеуеттің қолданылуын кеңейту жұмысын жалғастыратынын атап өтті. Еуроодақ сондай-ақ АҚШ-пен сыртқы саясат және ортақ құндылықтарды ілгері жылжыту мәселелерінде тығыз байланысты жалғастыруға қызығушылық танытады.