Бұл туралы ЕО Қауіпсіздік кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей мен ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкіліКэтрин Эштонның бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Жоғарғы өкілдіктің баспасөз қызметі.
«Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бекіткен 1973-қарарын қолдаймыз. Біз БҰҰ-ның азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді толығымен тоқтатып, дағдарыстан шығу жолдарын іздеу жөніндегі талаптарын жақтаймыз», - делінген бірлескен мәлімдемеде.
Айта кету керек, Еуроодақ бұрын да Ливия билігін қарапайым халыққа қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді тоқтауға бірнеше рет шақырған болатын.
«Біз адамдардың қауіпсіздігі қажетті тәсілдердің барлығы арқылы қамтамасыз етілуі керек екенін тағы да мәлімдейміз. 1973-қарар азаматтарды қорғау мақсатында халықаралық қоғамдастық мүшелері үшін нақты құқықтық негізді қамтиды», - делінген Еуроодақ хабарламасының мәтінінде.
Осыған байланысты Х.Ромпей мен К.Эштон Еуроодақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімін жүзеге асыруға барынша тезірек кірісуге үмітті екенін атап өтті.