Бұл туралы еуропалық саясаткер жұма күні Ватиканда Рим Папасы Францискке Ұлы Карл атындағы сыйлықты табыстау рәсімінде мәлім етті.
Бұл қызметке 2004-2009 жылдары білім, оқыту, мәдениет және жастар мәселелері жөніндегі еурокомиссар болған словакиялық саясаткер Ян Фигель тағайындалды.
«Дін және дінге сену еркіндігі - Еуропалық одақ іргетасының бір бөлігі болып табылатын негіз қалаушы құқық. Діни және этникалық азшылықты үнемі қудалау ЕО-ның ішінде және сыртында одан да жүйелі қорғау мен еркіндікті ұсынуды талап етіп отыр», - деп атап өтті Жан-Клод Юнкер.