ECall деген атқа ие болған автоматтандырылған жүйе 2018 жылдың 31 наурызынан бастап жұмыс істей бастайды. Оны барлық жаңа көліктер мен фургондарға орнату шамаланып отыр. Еуропарламентшілер жаңа жүйені енгізу бүкіл Еуропа бойынша жылына 2600-ге жуық адамның өмірін сақтап қалуға көмектесетініне сенімді.
ECall жүйесі арқылы құтқару қызметтеріне көліктік құралдың типі, қолданып отырған жанармайы, оқиға болған уақыт, нақты орналасқан жері мен жолаушылардың саны туралы мәліметтер жіберіледі.