ЕО Эболамен күресу үшін халықаралық қауымдастықтың бірігуі қажеттігін айтты

БРЮССЕЛЬ-ЛЮКСЕМБУРГ. ҚазАқпарат - Эбола індетімен күресу үшін халықаралық қауымдастық бірігіп күш жұмсауы керек. Бұл туралы Люксембургте өткен Еуро Одаққа мүше 28 елдің Сыртқы істері бойынша Кеңесі отырысында талқыланды.

БҰҰ-ның Эбола безгеніне қарсы күрес қызметін Еуро Одақ Кеңесі қолдап, халықаралық донорларды жапа шеккен мемлекеттерге көмек көрсетуге шақырған болатын.

ЕО-ға мүше мемлекеттер Эболадан зардап шегіп отырған елдерге жедел көмек үшін 500 млн. еуро бөлуге уәде еткен. Ендігі жерде Еуропалық Одақ бұл дертке қарсы күш біріктіру қажеттігін жеткізді.