ЕО елдері АҚШ пен Канадаға виза енгізуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодақ АҚШ пен Канада азаматтарының Ежелгі құрлық бойынша еркін жүріп-тұруі мәңгілік емес, деп санайды. Осы елдердің төлқұжат иелері үшін кіруге виза еуропалықnардың визалық талаптарына жауап ретінде пайда болуы мүмкін, деп мәлімдеді Reuters агенттігіне ЕО-дағы дереккөз, деп жазады Росбалт.

Виза туралы мәселе Еурокомиссияда келесі аптада қаралады.

Жақында АҚШ Президенті Барак Обама Брюссельге rелуге ниетті. Оның күн тәртібінде АҚШ пен ЕО арасындағы сауда ынтымақтастығы туралы мәселе талқыланады.

Канада мен АҚШ-қа кіру үшін 2007 жылы ЕО-ға өткен Болгария мен Румыния азаматтарына виза қажет. АҚШ көші-қон қызметтері сондай-ақ Польша тұрғындарының (бұл ел Шенген аймағына кіреді), Кипр мен Хорватияның  төлқұжатына сене бермейді.