«Бүгін менде еуропалық азаматтарға жағымды жаңалық бар. Еуропалық одақ өз сөзінде тұрды. Осы демалыс күндері біз ЕО-ға мүше барлық елдерге осы айда Одақтың ересек тұрғындарының кем дегенде 70% -ын толықтай вакцинациялау үшін жеткілікті вакциналар жеткіздік «, - деді У.Лейен. 11 шілдеге дейін Еуропалық одақтың аймақтарына 500 миллион доза вакцина таратылады.
Еуропалық комиссия басшысының айтуынша, ЕО вакцинация кампаниясы 2021 жылдың басынан бастап едәуір жеделдеді.
«Біздің бірлескен тәсіліміз сәтті болды. Біз бұл дағдарыстан тек бірге шығамыз. COVID-19 әлі бәсеңдеген жоқ, бірақ біз көптеген, оның ішінде коронавирустың жаңа штамдарына қарсы да вакциналарды жеткізуге дайынбыз», - деді В.Лейен.
«Енді мүше мемлекеттер вакцинация санын көбейту үшін бәрін жасауы керек. Сонда ғана біз қауіпсіз боламыз», - деп атап өтті Еуропалық комиссияның басшысы.