ЕО елдеріндегі «Газпром» кеңселерінде тінту жүрді
20:29, 28 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Еурокомиссия өкілдері сейсенбі күні Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі «Газпром» кеңселері мен еуропалық энергокомпания өкілдіктерінің бірқатарында алдын ала хабарланбаған тексеріс жүргізді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Германиялық БАҚ мәліметтері бойынша, тексеріс «табиғи газды тасымалдаумен, жеткізумен және сақтаумен айналысатын компанияларды» да айналып өтпеді. Тінту жұмыстары ресейлік газ монополисі - «Газпром Германия» мен «Вемекстің» берлиндік және чехиялық еншілес компанияларында жүрді.
Компаниялар «нарықты бөлісу, желіге кіру үшін тосқауыл жасау және жеткізушілерді әртараптандыру, сондай-ақ бағаны шарықтату сынды бәсекелестікке қарсы әрекеттер» бойынша күдіктенуде.
Алайда тексеріс жүргізу олардың айыбы дәлелденді деген сөз емес.