«Еуропалық комиссия осы аптада Еуроодақ елдеріне «бірқатар қағидаттар мен критерийлерді» ескере отырып, үшінші елдердің азаматтарына ЕО-ға келуіне қойылған кейбір шектеулерді біртіндеп және ішінара алып тастауды ұсынады»,- деп хабарлады Боррель.
ЕО елдерінің көпшілігі өткен жұмада коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы шекара блоктарындағы шектеулерді кем дегенде 1 шілдеге дейін ұзартуды ұсынды.
ЕО мен Шенген аймағына кейбір сапарларға наурыз айының ортасынан бастап тыйым салынған. Жеке санаттарға, соның ішінде ЕО азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне, ұзақ мерзім тұруға құқығы бар тұлғаларға, отбасы жағдайына байланысты саяхаттайтын адамдарға, дипломаттарға, коронавируске қарсы күресуге көмектесетін медицина қызметкерлеріне және ғалымдардың жағдайы ескеріледі.