Бұл туралы Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеген.
Әсіресе, гуманитарлық көмекті бөлу кезінде Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдеріне, сондай-ақ үйлерін тастап, басқа жерге көшуге мәжбүр болған адамдар мен оларды қабылдаған қауымдастықтарға басымдық беріледі.
Атап айтқанда, шамамен 380 млн еуро Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдеріндегі көші-қон мәселелеріне бағытталады. Қаржы мигранттардың ең осал топтарын қолдауға, сондай-ақ олардың отанына оралуы мен қоғамға қайта бейімделуіне жұмсалады.
Тағы 252 млн еуро – қарулы қақтығыстар, халықтың мәжбүрлі түрде босуы, індеттер мен табиғи апаттарға байланысты шұғыл көмек көрсетуге бөлінеді. Оның 97 млн еуросы Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдеріне, 103 млн еуросы – Палестина аумақтары мен Ливанға, ал 52 млн еуросы – Украинаға, оның ішінде қыс маусымына дайындық жұмыстарына бағытталады.
Сондай-ақ Африкадағы Ұлы көлдер өңіріне және Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Эбола безгегінің таралуына қарсы күреске қосымша қаржы қарастырылған.
Еске салайық, бұған дейін Еурокомиссия биылғы жылы депортациялар көрсеткіші алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болады деп болжап отырғанын жазғанбыз.