ЕО Иран Сирияға қатысты санкцияларды кеңейтті
Бұл туралы іс-шараның нәтижесі бойынша ЕО-ның Шетелдік істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мәлім етті.
Мәселен, ЕО-ның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Иранға қатысты, әлемдік қауымдастықтың талаптарын елеместен ядролық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастырып отырған елдің билігімен байланысты 180 тұлға мен мекемеге қатысты шектеу шарасын енгізді. «Біз диалогқа ұмтылудамыз, онымен бір мезгілде, біз, қысым көрсетуді (авт. ескертпесі - Иранға) жалғастыратын боламыз», - деді К.Эштон.
Кездесу барысында сондай-ақ, Сирияға қатысты жаңа санкциялық пакет қабылданды. ЕО-ның «қара тізімі» ЕО аумағында активтері бұдан-былай байланатын және бірлескен Еуропа аумағына кіруге тыйым салынатын тағы 23 тұлғамен толықты. Онымен бірге, санкцияда сирияның қаржылық, банктік және энергетикалық секторларына қатысты шектеу шаралары қарастырылған.