ЕО Иранға қатысты бірқатар санкцияларды тоқтатты

БРЮССЕЛЬ. 21 қатар. ҚазАқпарат - Еуроодақ Иранға қатысты бірқатар санкцияларды тоқтатты. Бұл туралы Брюссельде өткен ЕО сыртқы істер мәселесі бойынша кеңестің қорытындысы бойынша хабарланды.

Мұндай шешім Тегеранның ядролық бағдарлама бойынша келісімді орындай бастағанын МАГАТЭ растаған соң қабылданды.

Санкциялар алты ай мерзімге тоқтатылады. Иранмен қаржылық транзакция жасауға, ирандық мұнай-химиялық өндіріске инвестиция салуға, мұнай құю кемелерін сақтандыру мен бағалы тастар мен металдарды сатуға салынған тыйым уақытша күшін жойды.